Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 470 1 пікір 11 Желтоқсан, 2024 сағат 12:07

Cмайылов: Субсидиялар тізбесін қайта қарау қажет

Сурет: zarnews.uz сайтынан алынды.

Субсидиялаудың қарапайым және айқын алгоритмі қажет. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ауыл шаруашылығындағы субсидияның тиімділігіне қатысты аудит қорытындысын жариялау кезінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

— Субсидия алушылардың көпшілігі мұндай қолдау шараларын түпкілікті нәтижеге көздемей, өздерінің шығындарын өтеу бойынша мемлекеттің міндеті ретінде бағалайды. Субсидияларды төлеу «әлеуметтік сипатқа» ие болып отыр. Мемлекет басшысы 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек», — деп нақты атап өтті. Қарсы міндеттемелердің қажеттілігі Агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасында белгіленіп, 2022 жылдың соңынан бастап енгізілуі керек болатын. Іс жүзінде олар 17 субсидия бағытының төртеуіне ғана енгізілген. Қарсы міндеттемелерде нақты, оңай бақыланатын көрсеткіштер болуы керек және субсидиялардың нәтижелілігін көрсетуі тиіс. Ең алдымен, олар өнімділіктің жоғарылауына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етуі қажет, — деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, бірақ қарсы міндеттемелерді айқындаудың қолданыстағы тәсілдері мұны қамтамасыз етпейді. Олардың орындалуын тексеру алгоритмі құрылмаған. Субсидиялардың 15 бағыты бойынша міндеттемелердің орындалу фактісін растайтын есептілік нысандары жоқ.

— Жоспарлау кезеңінде бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындауға Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылы ғана кіріскен. Алайда барлық бағытты қамтымады. Бұл ретте, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерінің көрсеткіші жай ғана өндіріс көлемінің өсуімен шектеледі. Бұл ауыл шаруашылығындағы сапалы өзгерістерді көрсетпейді, — деді аудиторлық палатаның төрағасы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1977