Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1604 8 пікір 12 Желтоқсан, 2024 сағат 13:54

Қамшыбек Ташиев және біздің Олжас Бектенов…

Суреттер: sputnik.kz, today.kg сайттарынан алынды.

«Биыл бюджетке салықтан түсуі керек болған 3 триллион теңге түспеді». Бұл ақпаратты кеше Мәжіліс төрінен депутат Мақсат Толықбай жариялады.

Бұл нені білдіреді?!

Бұл біздің Үкіметтің жұмыс істеуден қалғанын, салық органының базар иелерінің алдында дәрменсіз екенін білдіреді. Қазіргі таңда салық жинаушы орган базардағы екі квадрат метр жерді 200 мың теңгеге жалға алып, құрт-май, қымыз-шұбат, кортоп-пияз, киім-кешек сататын кембағалдардан ғана тиын-тебен жинайды.

Ал, анау арендаға төлеген 200 мың теңге тіке қалтаға кетіп жатыр. Базар иелері одан көк тиын салық төлемейді…

Сол үшіп Олжас Бектенов Үкіметі басымен кеткен базарларды ретке салуы керек!

Бұл жерде Олжас Абайұлы алысқа бармай-ақ, көрші Қырғыз елінің, нақтылап айтсам, Қамшыбек Ташиевтің тәжірибесін қолданса, Мақсат Толықбай айтқан 3 тириллион теңге бір тиыны қалмай Үкімет қоржынына түскелі тұр.

Қамчыбек Ташиев не істеді?!

Қамшыбек Ташиев өз еліндегі басымен кеткен базарларды анықтап, заңсыз алынған жерлердің бәрін мемлекетке қайтарды. Базарлардағы әрбір нүктені номерлеп, жалдау ақысын 40-50 пайызға арзандатқызды. Базардағы нүктелерді жалға алушылар келісім-шарт бойынша төлеуге тиісті жалдау ақыны түгелдей банк жүйесі арқылы төлейтін тәртіп орнатты…

Міне, осындай басқарудың нәтижесінде Орталық Азияда Қырғызстан деген жаңа көшбасшы ел пайда болды. Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, 2024 жылдың басынан бері Қырғызстан экономикасының өсімі 9,4%-ды құрады. Сарапшылар 2025 жылы Қырғызстанның ЖІӨ өсімі 8,7%-ды құрайды деп отыр. Бұл бүкіл Орталық Азиядағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Қысқасы, Олжекең де бір сәт кабинеттен шығып, Қамшыбектің қашысын қолға алып, басымен кеткен базар иелерін көтенге шықпартуы тиіс…

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1961