Киберқауіпсіздікті сақтаудың маңызы қандай?
Интернет бізге, бірінші кезекте, онлайн төлеуге және мемлекеттік қызметтерді пайдалану алуға, сондай-ақ пайдалы ілім алып, хат алмасуға керек. Бірақ, аңғал халыққа арамза молданың шығатынын да ескеруіміз керек. Ал «арамза молда» немесе «құлақтан теуіп бойды алар алаяқтарға» алданбау, ақылға салып, цифрлық дәуірде алға жылдудың жолы қайсы? Қазір білеміз.
Бірінші кезекте әрбір азаматтың құқығы заңды түрде қорғалғанын білуіміз керек.
«ҚР жеке деректер және оларды қорға туралы» Заңына сәйкес, сіздің құқықтарыңыз келесідей:
1. Меншік иесінен немесе оператордан, сондай-ақ, үшінші тұлғадан жеке деректерді, сондай-ақ, оны растайтын айғақты сұрауға;
2. Меншік иесін және немесе операторды өзгертуді және толықтыруды, сондай-ақ өзінің дербес деректерін бұғаттауды талап ету;
3. Қоғамдық орындарда жинауға, өңдеуге, таратуға келісімді кері қайтарып алу,
4. Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде моральдық және материалдық зиянды өтеуге.
Егер азаматтар өздерінің жеке деректерінің заңсы түрде пайдаланылғанын білсе, онда Уәкілетті орган – Цифррлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрілігіне шағымдана алады.
«Ақпараттандыру» Заңының 56 бабы не дейді?
Жеке деректерге қол жеткізіп отырған ақпараттық жүйелер мен мешік иелері, жеке деректердің қорғалуына Заң алдында жауап береді.
Мұндай жауапкершілік қай кезде туындайды?
Жеке деректер көрсетілген қандай да бір ресурстарға қол жеткізген кезден бастап міндеттеледі.
Бірдей талаптарға не жатады?
Бірінші кезекте, мемлекеттік мекемелердің ақпараттандыру басқармасы мен ұйымдары мақсаттарын айқындап алу керек.
Екінші, «Электронды үкімет» ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;
Үшінші, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым саласын унификациялау;
Төртінші, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға және серверлік помещениелер ұйымдарының талаптарына байланысты талаптардың қойылуы;
Бесінші, АКТ мен ақпараттық қауіпсіздікке қатысты ұсынысар стандарттарының қолдану міндеттемелерін қабылдау;
Алтыншы, мемлекеттік және мемлекеттік емес электронды ақпарат көздерінің, ақпараттық жүйелердің және оларды қолдаушы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қаіуіпсіздікпен қамтамасыз ету.
Міндеттерді білсек, енді жауапкершіліктермен таныс болайық.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 641-бабына сәйкес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірегей талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Мемлекет ақпараттық қауіпсіздікте барлық азаматтардың құқығын ескереді, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударады. Мәселен, соның ішінде ата-аналарға арналған кеңестерді атап өтуге болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетінің «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ұсыныстарында» анық көрсетілген. Енді сол кеңестерді атап өтейін.
Әуелі баланың телефонына «Ата-ана бақылауы» режімін орнату керек.
«Ата-ана бақылауы» режімін қалай орнатуға болады? «Android» қолданушыларына арналған жүйесін көрсетейік:
1. «Баптаулар» қосымшасын ашасыз.
2. Google тетігінен, ата-ана қадағалуына өтесіз.
3. «Бастау».
4. Бала немесе жасөспірім екенін таңдайсыз.
5. «Әрі қарай».
6. Баланың аккаунтын көрсетесіз не болмаса жаңадан ашасыз.
7. «Әрі қарай».
8. Ары қарай көрсетілген нұсқаулықпен аяқтайсыз.
IOS-қа арналған түрінің аз-кем айырмашылығы бар:
1. Баптаулардан «Экран уақытына» өтесіз.
2. «Жалғастырып», «Менің құрылғым» немесе «Баламның құрылғысы» деп таңдайсыз.
3. «Контент және конфиденциалдылықта» қажет болса, керекті кілтсөзді енгізесіз.
4. Сөйтіп, нұсқаулықпен жүресіз де, тәмамдайсыз.
Телефонға жұмсалатын уақытты қалай шегеруге болады?
«Okey, Google» яки «Siri» деп айтып, не болмаса, басты экранды басып тұрып «30 минутқа таймерді қос» деп пәрмен берсеңіз жеткілікті.
«Windows» жүйесіне кішкентай балалардың қолжетімділігін шегеруге қатысты қандай амал бар?
1. «Есептік жазбаларда» «Отбасы және басқа адамдар» бөліміне өтіп, «отбасы мүшесін қосасыз».
2. Осылайша, сіз жеке есептік жазба ашуға мүмкіндік алып (Баланың есептік жазбасын» қосып), баптауларда қажетті шектеулерді енгізе аласыз.
Ұрпақ қамы – ұлт болашағы! Соны ұмытпайық!
Бейбарыс Сәкенұлы
Abai.kz