Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3443 0 пікір 31 Қаңтар, 2025 сағат 14:42

ХАМАС тобы тағы да 8 адамды босатты

Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.

Газа секторында бейсенбі күні палестиналық ХАМАС тобы (ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым танылған) 2023 жылы 7 қазан күнгі Израильге шабуыл кезінде тұтқындалған сегіз адамды босатты.

Қызыл Крест ұйымына әуелі 20 жастағы әскери қызметкер Агам Бергер тапсырылды. Бірнеше сағаттан кейін Газа секторының оңтүстігінде 29 жастағы Арбель Ягуд және 80 жастағы Гади Мозес, сонымен бірге Таиландтың бес азаматы босатылды.

Израиль әскері азаматтардың босатылғанын растады.

Өз кезегінде Израиль 110 палестиналық тұтқынды босатады. 17 қаңтардан бері екі жақ осымен үшінші рет тұтқын алмасып жатыр. Бұған дейін жеті израильдік тұтқын бостандыққа шыққан.

Кейінгі мәлімет бойынша, бейсенбі күнгі тұтқын алмасудан кейін Газада 82 израильдік тұтқын қалған. Олардың бір бөлігі тірі емес деген дерек бар.

Атысты тоқтату келісімінің алғашқы кезеңінде ХАМАС 33 адамды босатуы керек. Ал Израиль шамамен 200 шақты палестиналықты түрмеден жібереді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 962
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2473
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644