Сейсенбі, 4 Ақпан 2025
Не дейді?! 135 0 пікір 4 Ақпан, 2025 сағат 15:26

Қазақстанда жарық бағасы бірден 20 пайызға өсті

Сурет: kazgazeta.kz сайтынан алынды.

1 ақпаннан бастап елімізде жарық бағасы бірден 20 пайызға өсті. Министрліктің мәліметінше, елде бар бас-аяғы 36 электр станциясы тарифті көтерген. Бұл туралы qaz365.kz сайты жазды.

«Жеке және заңды тұлғалар үшін түпкілікті тарифті табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті реттейді. Біз қазір тарифті бекіттік, ары қарай энергия беруші ұйымдар қағидалары негізінде өтініш тастайды, сосын ары қарай Ұлттық экономикадағы әріптестер шешім қабылдап, жаңа тариф бекітеді», - дейді Энергетика министрлігі, электр энергетикасын дамыту департаментің бас сарапшысы Жанарыс Мұсаханұлы.

Яғни қарапайым тұтынушылар электр қуатының бір киловаты үшін екі теңгеге артық төлемек. Тарифтің өзгеруіне қызметкерлердің жалақысының көтерілуі, отын ретінде пайдаланылатын көмір мен газ бағасының өсуі, сондай-ақ станцияларда жүргізілетін жаңарту жұмыстары себеп болып отыр.

Abai.kz

0 пікір