Бейсенбі, 6 Ақпан 2025
Билік 138 0 пікір 6 Ақпан, 2025 сағат 14:09

Қазақстан-Грузия: Орта дәліздің әлеуеті артпақ...

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия премьері Кобахидзе Қазақстан премьері Бектеновпен кездесті.

Талқыланған тақырыптар: Екіжақты ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, көлік-логистика, мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша әріптестік.

Келіссөздер барысында «Орта дәліздің» әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағыттың өткізу қабілеті 2027 жылға қарай жылына 10 миллион тоннаға дейін артады деп күтілуде.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі («Орта дәліз») - Қазақстан-Қытай шекарасынан бүкіл Қазақстан арқылы, онан әрі Каспий теңізі, Әзербайжан және Грузия арқылы Еуропаға өтеді.

Abai.kz

0 пікір