Жұма, 7 Ақпан 2025
Деп жатыр 159 0 пікір 7 Ақпан, 2025 сағат 15:20

Ақтаудың бұрынғы әкіміне іздеу жарияланды

Сурет: adyrna.kz сайтынан алынды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияладыАқпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының қылмыскерлерді іздестіру бөлімінде жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, Тимур Сәдуақасовтың Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіруге қатысты іске қатысы бар екені белгілі. 2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп тапты, бірақ кейін прокуратура апелляциялық шағым түсірді. 2025 жылдың қаңтарында апелляциялық сот ақтау үкімін бұзып, сотталушыларды қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Тергеу мәліметінше, оған Обухов тау-кен байыту комбинаты қожайыны Виктор Долгалевтің адвокатымен бірге шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылып отыр. Ақша Долгалевтің бұрынғы серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғау үшін аударылуы керек еді.

Еске салайық, Сәдуақасов 2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Abai.kz

0 пікір