Астанада Сергек камераларының жұмысы тоқтатылады

«Сергек» деп аталатын видеобақылау интеллектуалды жүйесін жасап шыққан әзірлеушінің Астана әкімдігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аяқталды. Онымен келісім әрі қарай жалғаспайды. «Сергектің» орнын БАӘ-нің «Presignt» компаниясы басатын көрінеді.
Жаңа компания:
✅10 мың заманауи камера орнатады
✅502 аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатады
✅8 мың камераны терроризм қаупі туындауы мүмкін нысандармен (мектеп, балабақша, әуежай, вокзал, ЛРТ) интеграциялайды
✅Деректерді өңдеу орталығын құрады
Компания видеоаналитиканың 50 түрін ұсынады:
✅Рөлде келе жатып телефонмен сөйлесуді анықтау
✅Қауіпсіздігін белдігін тақпау фактісін анықтау
✅Бос емес қиылысқа шығып кетуді анықтау
✅Екінші жолақпен бұрылуды анықтау
✅Рұқсат етілмеген жерде тоқтауды анықтау
✅Транспорт түрін анықтау (жеңіл, жүк, марка, түс)
✅Адамдардың құлауын анықтау
✅Төбелестерді аңғару
✅Қару-жарақты байқау
✅Рұқсат етілмеген жерде темекі шегуді анықтау және т.б.
Abai.kz