Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа тағы 28 мектеп салынады

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, білім ордалары 22 мың оқушы орнына арналған.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келелі. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», - деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
2024 жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 25 мектеп салынған. Олардың басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан.
Айта кететіні, бұл қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді.
Abai.kz