Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
Билік 3278 1 пікір 28 Ақпан, 2025 сағат 14:50

Президент бірқатар ауыс-түйістер жасады

Сурет: astanatv.kz сайтынан алынды.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйістер жасады. Президент Жарлықтары Ақорда телеграм арнасында жарияланды.

Сонымен, кімдер қандай қызметтерге тағайындалды? Қараңыз:
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Жарлықта.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Жарлықта. Бұл қызметті осыған дейін Жандос Шаймарданов атқарып келген. Ол қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2725
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1842