Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Алаң 705 1 пікір 4 Наурыз, 2025 сағат 14:42

"Бәйтерек" Қытайдан юаньмен қарыз алды

Сурет: Vlast.kz сайтынан алынды.

«Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Қытайдан қанша юань қарыз алғанын және оны қайда жұмсайтыны туралы мәлімет берді.

Кеше «Бәйтерек» холдингі алғаш рет Қытайдан ұлттық валютасымен (юань) қарыз алғаны хабарланған еді.

«Бұл - өте маңызды оқиға және әзірге тек қана басы. (Қарыз) көлемі — 400 миллион юань. Бірақ мұның маңыздылығы — біз алған юань құны өте жақсы, біздің инвестициялық жобаларға сәйкес құнын құрайды» деген ол Қытай тарабымен жасалған келісімге сәйкес кейбір деректерді аша алмайтынын жеткізді. Қытайдан алған соманың өсімі 7-8 пайыз екен. Министірлік оны 10-15 жылдық жобаларға, әзірше ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде өсімдік саласына жұмсалды ойластырып отыр екен.

Айта кетейік, биыл Үкімет «Бәйтерек» холдингінің экономикалық жобаларға құятын капитал көлемін 1 трлн теңгеге ұлғайтады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2074
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4944
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4151