Жұма, 15 Мамыр 2026
Ел іші... 2022 0 пікір 5 Наурыз, 2025 сағат 16:17

Өскемен мен Семейді жарықтандыру: 2,5 млрд теңге қолды болған

Сурет: azattyq.org сайтынан алынды.

Қаржы мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты компания басшыларының үстінен бір жыл бұрын қозғаған істі аяқтап, сотқа жолдағанын хабарлады.

Агенттіктің айтуынша, күдіктілер «Өскемен және Семей қалаларындағы көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту» деп аталатын жоба арқылы жалған актілерге қол қойып, жабдықтар мен жұмыстардың құнын арттырып көрсеткен. Яғни талапқа сай келмейтін жарықтандыру құралдарын қымбатқа сатып алған.

Қоғам белсенділері "жоба іске асырылып жатыр делінсе де Өскемен мен Семейде көшелер қараңғы, жолаушылар өміріне қауіп күшейді" деп шағынған. Өскеменде жолаушыларды көлік қаққан бірнеше оқиға болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2763
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1877