"Алматы жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу үшін өтініш қабылдау басталады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі қала жастары қатыса алады.
Әкімдіктің мәліметінше, бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:
- Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз;
- Бастапқы жарна – 10 пайыз;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
- Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:
- Өтініш беру кезінде өтініш беруші мен оның жұбайы (зайыбы) Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұруы тиіс.
- Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс (жұбайының жасына қарамастан). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады (бар болса).
- Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек.
- Өтініш беруші соңғы 6 (алты) айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет. Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.
"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының (2019-2024 жылдар) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.
Толық ақпарат www.almaty-zhastary2025.kz сайтында қолжетімді. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57.
Abai.kz