Жұма, 18 Сәуір 2025
Билік 931 0 пікір 11 Наурыз, 2025 сағат 12:51

Маңғыстау: Ұлттық киіммен Гиннес рекордтар кітабына кірмек

Сурет: best.fest.nauryz instagram парақшасынан алынды.

Наурыз мерекесінде маңғыстаулықтар ұлттық киім киген 5000 адамды жинап, әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Халықаралық комиссия мүшелері 22 наурыз күні Ақтау қаласына келеді.

Мегафестивальға қатысу үшін kazakhrecord.kz сайтына кіріп, арнайы форманы толтыруы қажет.

“Kazakh Record” фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықтарды «Kazakh Record» фестиваліне шақырамыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2011
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4872
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4069