Сейсенбі, 18 Наурыз 2025
Көрме 207 0 пікір 17 Наурыз, 2025 сағат 13:59

Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы...

Сурет: «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ.

2025 жылдың  18 наурыз күні, сағат 1100-де «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы,  Даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай  «Бауыржан Момышұлы-аты аңызға айналған қолбасшы» атты көрме ұйымдастыру жоспарлануда.

Көрменің мақсаты: Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген. Патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттерін насихаттау арқылы жастардың рухын көтеру, патриоттық сезімдерін ояту, елін қорғауға, туған жерін сүюге деген сенімін нығайту.

Б. Момышұлының бойында нағыз әскери адамға тән қаһарлылық пен Отанға деген сүйіспеншілік қатар үйлесімін тапқан әскери қолбасшының сұрапыл соғыстағы ерліктері мен бейбіт өмірдегі қызметтері отаншылдық пен патриотизмнің үлгісі. Майдан даласында шебер қолбасшы, стратег және тактик болған Бауыржан Момышұлы өз көзімен көрген қан майдан оқиғаларын ақ қағаз бетіне түсіріп, көптеген мемуарлық еңбек жазған жазушы. Оның қаламынан шыққан 30 томнан асатын еңбектері жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Көрмеге Б. Момышұлының жеке күнделігі, 1955-1956 жылдары Калинин қаласында пайдаланған  блокноты, соғыс кезіндегі қолданған жеке картасы, портреті, фото-суреттері және қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылары мен Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптар қойылады.

Қатысатындар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов  атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, колледж және ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары.

Ұйымдастырушы: «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ.

Өтетін орны: Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының көрме залы (кіру  Ақмешіт көшесі жағынан)

Мекен-жайы: Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12

Abai.kz

0 пікір