Сәрсенбі, 19 Наурыз 2025
Жаңалықтар 176 0 пікір 19 Наурыз, 2025 сағат 13:35

Батыс Қазақстанға тағы да дрон құлады

Сурет: Ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Зат тұтас күйінде табылған, ақауы байқалмайды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, ұшқышсыз ұшатын дронға ұқсас зат 18 наурыз күні Қазақстан ауылдық округі Атамекен ауылынан қашық жерде табылған. Аппараттың ұзындығы – 3 метрге жуық. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, осыған дейін де Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлаған еді. Аймақ Ресейдің Саратов облысымен шектеседі.

Abai.kz

0 пікір