Дүйсенбі, 31 Наурыз 2025
«Соқыр» Фемида 1748 0 пікір 27 Наурыз, 2025 сағат 12:54

Путиннің ішкі есебі қандай?

Сурет: gazeta.ru сайтынан алынды.

"Наурыздың 23-25 аралығында өткен АҚШ-Украина, АҚШ-Ресей келіссөзі көрсеткендей Путиннің Ақ үймен байланысын қалпына келтірудегі мақсаты соғысты тоқтату емес, Трамптан пайдаланып экономикалық пайда мен геосаяси мүддені көздеп отыр", - деп жазады Ню-Йорк Таймс.

Ақ үй мен Ресей өкілдері екеуара кездесуде бірінші кезекте Украина мәселесін емес, екі тараптың қатынасын реттеуді талқылаған. Сосын барып соғысты тоқтату жәйін сөз еткен. Онда да Ресей тарабы өзінің шартын тықпалаумен болған.

Ол шарттар: Қара теңізде кемелер мен энергия көздерін атқылауды тоқтатады. Есесіне АҚШ тарап Орыс банктерін халықаралық коммуникация жүйесіне қайта қосуы керек.

Украинаға Еуропаның емес, БҰҰ-ның бітімгерлік күштері орналасуы керек!

Кремль үшін Украина мәселесінен де АҚШ-пен байланысы маңызды болып тұр. Көз алдыдағы түйткілді пайдаланып (соғыс тоқтатуды), ұзақ мерзімдік орыс мүддесін қамтамасыз етпек. Ресей үшін АҚШ пен әуе тасымалындағы әріптестікті қалпына келтіру соның бір басқышы. Америка тарабы БОЙНГ ұшақтарының бөлшектерін жеткізуді шектегендіктен қазір Ресейдің әуе тасымалы дағдарыс күйде. Олар Ақ үйден сол шектеуді алып тастауды, Мәскеуге әуе жолын қайта ашуды, оған қарымжы ретінде 2022 жылы шығарған Америка ұшақтарына Сібір аспанынан ұшуға шектеуді алып тастайтындарын айтып отыр. АҚШ инвесторларын тарту үшін Американы "дос емес елдер тізімінен" де сызып тастамақ.

Қорыта келгенде Путин Трампқа Ресей мен НАТО-ның өзара бір-бірінің мүддесіне қарсы келмейтін баланысы сақталғанда ғана тыныштық орнайтынын түсіндіріп, сол арқылы Украинаның НАТО-ға кірмеуін, тіпті Орталық Еуропа мен Шығыс Еуропадан ығысуын талап етіп, Украинаның әскери күшін әлсіретіп, түптің түбінде Украина билігін қолбалаға айналдыруды көздейді.

"Ол мақсатқа жету үшін саудагер Трамптың тәбетін орыстың жер асты байлығына тарта алса жетіп жатыр", - дейді АҚШ басылымы.

Abai.kz

0 пікір