Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Абай.tv 6735 0 пікір 2 Сәуір, 2025 сағат 14:26

Нығматулин әулетінен береке кетті...

Сурет: Әшкере телеграм арнасынан алынды.

Полиция Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты "рейдерлік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеуге бизнесмен Қанат Әміркиннің арыз-шағымы негіз болған. Ол бұған дейін Нұрлановты "Алатаудорстрой" компаниясын қорқытып, үркітіп тартып алды және ақша бопсалады деп айыптаған еді.

Бұл соңғы уақытта Нығматулиндер әулетіне байланысты туындаған алғашқы дау емес.

Биыл наурыз айының басында Бас прокуратура Нұрлан Нығматулиннің туған ағасы Арғын Нығматулинді халықаралық іздеуге жариялаған. Сонымен қатар, оның інісі Ерлан Нығматулинге қатысты «бопсалау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Нұрлан Нығматулин 2022 жылғы 1 ақпанда Мәжіліс спикері қызметінен кеткен.

Дереккөзі: Әшкере телеграм арнасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 975
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2493
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 678
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651