Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Ел іші... 2285 0 пікір 4 Сәуір, 2025 сағат 14:36

Президенттік резиденция мемлекетке қайтарылды

Сурет: inform.kz сайтынан алынды.

Бұрын элиталық президент резиденциясы болған Павлодар облысындағы «Жанбақы-Арнасы» (қазіргі «Jasybai Resort» демалыс орны) мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әсет Оспанов хабарлады. 

«Бұрын элиталық резиденция болған «Jasybai Resort» демалыс орны мемлекет меншігіне қайтарылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан элиталық демалыс үйі жекешелендіруге жатпайды. Алайда басында бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұл демалыс үйінің иесі болған. Кейін оны басқа ЖШС иеленген. Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен «Jasybai Resort» демалыс үйі Баянауыл ауданы әкімдігінің балансына берілді», - дейді Әсет Оспанов.

Жасыбай көлінің жағасындағы бұрынғы президент резиденциясы жекешелендіруге жатпайды. Сот бұрынғы сатып алу-сату шартын және мүлікті жарғылық капиталға қабылдау-тапсыру актісін жарамсыз деп таныған.

Антикор соңғы бес жылда Ертіс орманының 2 мың текше метрі оталып кеткенін анықтаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1330
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2905
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917