Бейсенбі, 8 Мамыр 2025
Ел іші... 1420 0 пікір 9 Сәуір, 2025 сағат 17:30

Үкімет "сән-салтанат" салығын салмақ...

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін жобасын түсіндірді.

Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр, - деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады.

Одан бөлек Үкімет әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциз енгізуді ұсынып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1928
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2586