Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Қылмыс 961 0 пікір 9 Сәуір, 2025 сағат 17:34

Шымкентте терроризмді насихаттаған адам сотталды

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында «С» есімді азамат «WhatsApp» мессенджері арқылы танысы «Т» есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым «Мұсылман бауырлар» идеологиясын және «қарулы жиһад» идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт – насихат жасаған.

Сот үкімімен «С» есімді азамат ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1844
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4654
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3699