Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Маңызды 478 0 пікір 14 Сәуір, 2025 сағат 20:22

Мұнай-газ саласы: Қазақстан мен Chevron не келісті?

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Олжас Бектенов Chevron басшысы Майкл Уиртпен мұнай газ саласындағы ынтымақтастық және Теңіз төңірегінде өнеркәсіп кластерін құру мәселелерін талқылады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды іске асыруды, KPI алғашқы полипропилен зауыты жұмысы мен қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнім өндіретін ірі полиэтилен кешенін салу аясында отандық мұнай-газ химиясын дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін жаңа газ өңдеу зауытын салу мәселелері қаралды.

Теңіз кен орнында Келешек кеңейту жобасын (ККЖ) іске асыруға назар аударылды. Олжас Бектенов ішкі қосылған құнды ұлғайтуға бағдарланған Теңіз базасында өнеркәсіптік кластерді дамыту арқылы жергілікті қамтуды одан әрі ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін береді. Сонымен қатар Энергетика министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, Теңіз қорларын ұтымды игеру үшін жобалық шешімдерді өзектендіру, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдау жөніндегі бағдарламаны дайындау қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және энергоресурстарды жеткізудің жаңа тізбектерін құру мәселелері талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1938
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4753
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3901