Сенбі, 19 Сәуір 2025
Аймақ 1676 0 пікір 17 Сәуір, 2025 сағат 15:49

Қытайлар Жамбылда зауыт салмақшы

Сурет: inform.kz сайтынан алынды.

Жамбыл облысында Қытайдың Fufeng Group компаниясы жүгеріні терең өңдейтін зауыт салуда. Жоба құны – 800 млн доллар. Зауыт жылына 1 млн тонна жүгері өңдеп, лизин, натрий глутаматы, ксантан сағызы және аминқышқылдар өндіреді. Бұл өнімдер шикізаттан 10–15 есе қымбат.

Жобаның бірінші кезеңі 2025 жылдың төртінші тоқсанында, толық іске қосылуы 2026 жылы жоспарланған. Өнім Еуропа, Солтүстік Африка мен Таяу Шығысқа экспортталады.

Сонымен қатар зауыт жанында крахмал, ашытқы, тазарту қондырғылары, болашақта тұз қышқылы мен сұйық аммиак өндірісі де көзделген.

Шымкентте қытайлық Shaanxi Construction Engineering компаниясы тәулігіне 1000 тонна қалдық өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр.

Жобалар ауыл шаруашылығы мен экология саласындағы қосылған құнды арттыруға және экспорт әлеуетін кеңейтуге бағытталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4897
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4094