Сенбі, 19 Сәуір 2025
Айбын 611 0 пікір 18 Сәуір, 2025 сағат 13:17

Қазақстанда FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті

Сурет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен алынды.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен 2025 жылғы 17 сәуірде “Майлан” далалық оқу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті. 

Сурет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен алынды.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты.  

Сурет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен алынды.

Сурет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен алынды.

Турнирдің серіктесі - “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.  

Сурет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен алынды.

Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды. 

Сурет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен алынды.

FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды. Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп,  практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады. 

Сурет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2042
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4101