Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Аласапыран 232 0 пікір 22 Сәуір, 2025 сағат 13:18

Қытай мен Үндістан Ресей қаруынан бас тартуда...

Сурет: kp.ru сайтынан алынды.

Ресей Қытайдың негізгі қару-жарақ серіктесі екені бұрыннан белгілі. Айталық, 2009-2023 жылдар аралығында Қытайға жеткізілген қару осыдан бұрынғы 15 жылмен салыстырғанда 40%-ға қысқарған.

Бұл дегеніміз Путин билігі кезінде Қытайға ресейлік қару-жарақ ағынының көлемі едәуір ұлғайғанын дәлелдейді.

"Қазір Қытай билігі Ресейден қару сатып алудың орнына қажетті технологияны жаппай көшіруді жөн көрді", - делінген The Moscow Times газетіндегі бір мақалада.

Аталған басылым ChinaPower аналитикалық орталығының деректеріне сілтеме жасап, 2009-2023 жылдар аралығында Қытайға ресейлік қару-жарақ жеткізу 40%-ға қысқарғанын алға тартады.

Ендеше бұның себебі неде?

Украинадағы соғыс жағдайы бұған себеп бола қоймас. Сонымен бірге, Қытайдың Ресей жүйелерін клондау және өнеркәсіптік тыңшылық бойынша ұзақ мерзімді стратегиясы да ойлануға жетелейді. 2000-ші жылдардың басынан бері кемінде жиырмадан астам хакерлер шабуылдары мен өндірістік тыңшылық тіркелді, соның ішінде авиация және спутниктік технологиялар туралы деректер де орын алды.

Сонымен бірге Қытай Ресейдің әскери техникасын клондау арқылы лицензиялық келісімдерді жүйелі түрде бұзумен айналысты. Мысал ретінде Су-27 негізіндегі J-11 жойғыш ұшағын және визуалды және техникалық жағынан С-300-ге ұқсас HQ-9 зениттік жүйесін айтуға болады. 2019 жылы "Ростех" мемлекеттік корпорациясы Қытайды әскери өнімдердің әртүрлі түрлерін клондауын тікелей айыптап, өз өнімдерін заңсыз көшірудің 500-ден астам түрін хабарлады.

Ал Бейжің өзінің жеке өндірісін құра отырып, ресейлік түпнұсқа жабдықтарды сатып алудан бас тартты.

АҚШ барлауының мәліметі бойынша, Бейжің Мәскеуге қос мақсаттағы компоненттерді жеткізеді: бұған дрондар, жартылай өткізгіштер, жойғыш ұшақтардың бөлшектері, РЭБ жүйелері және әсіресе әскери өндіріс үшін өте маңызды ЧПУ машиналары кіреді. 2022 жылдың қаңтарынан бастап мұндай машиналарды жеткізу көлемі 10 есеге жуық өсті – айына 7 миллиард доллардан 68 миллиард долларға дейін қаржы көлемі де ұлғайды. Сонымен бірге Бейжің Ресейге әскери өнімдерді жеткізуді ресми түрде жоққа шығаруды жалғастыруда.

Маңызды бір жайт, Үндістан да Ресейдің әлсіздігін пайдаланып, маңызды нарықты иеленуге көшті. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін әлем орыс техникасының нақты жағдайын көрді және түсінді.

Енді Үндістан Ресей клиенттерінің жолын кеспекші.

"Ресейдің жеңілмейтін қаруы" туралы миф көз алдымызда өз әлсіздігін көрсетті. Путин армиясы Украинада техникасын жоғалтып жатқанда, Үндістан Кремльдің бұрынғы клиенттеріне арзан, жаппай өндірілген және саяси қауіпсіз қару ұсынып, әлемдік қару-жарақ нарығында Ресейдің орнын алуға дайындалуда", - деп жазады Reuters агенттігі.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2123
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5002
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4247