Бейсенбі, 24 Сәуір 2025
Мәжіліс 198 0 пікір 23 Сәуір, 2025 сағат 20:25

Қазақстан зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтеді

Сурет: mazhilis.parlam.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаттары зияткерлік меншік мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын жүзеге асыру мақсатымен әзірленген.

Заң жобасында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау, оны дамытуға қолайлы жағдай жасау, елге инвестиция тарту және креативті экономиканы дамыту үшін қосымша құқықтық құралдар қарастырылған. Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске және бес заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Тауар белгісі ретіндегі белгілеуді тіркеуге қарсылық беру мерзімін бір айдан екі айға дейін ұлғайту ұсынылады. Бұзушылықты тіркеуге бір ай жеткіліксіз, өйткені қарсылық беру үшін бірқатар қажетті материалды дайындау қажет. Әйтпесе, заңсыз тауар белгісін тіркеу қаупі бар.

Сонымен қатар авторлардың жарияланған туындыларын таратуға, көпшілікке жеткізуге және көпшілік алдында орындауға байланысты құқықтарына қосымша шектеулер енгізіледі. Осылайша, зағиптар мен көру қабілеті бұзылған немесе баспа өнімдерін қабылдау қабілеті шектеулі адамдар авторлардың келісімінсіз баспа өнімдері мен жарияланған туындыларға қол жеткізе алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2182
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5084
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4325