Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Қылмыс 2605 0 пікір 24 Сәуір, 2025 сағат 20:22

Терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған. 

Кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды. 

Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. 

Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді. 

Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1197
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2723
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 849
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 809