СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар

Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Барлығы 2010 адам, 152 бірлік техникасы ТЖМ , ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 81 300 дана қапшықтар дайындалып, төселді. Барлығы 351 675 дана қапшықтар дайындалып, төселді.
Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 65 500 текше метр су сорылды.
Су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай ТЖМ бақылауында.
Abai.kz