Қазақстанда криптобанктер ашылуы мүмкін

Қазақстан үкіметі криптобанктер ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Жоспар бойынша, криптобанктер цифрлық активтерді сақтау, айырбастау және мәмілелерді сүйемелдеу қызметтерін атқарады. Инфрақұрылымды криптовалюта айырбастаушылар, цифрлық активтер платформалары мен кастодиандар қолдайды.
Үкімет цифрлық активтер айналымын жеңілдету үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді де жоспарлап отыр.
Пайдалы тұсы:
Криптобанктердің ашылуы инвестициялық тартымдылықты арттырады
Цифрлық активтер нарығын ашық әрі өтімді етеді.
Ішкі IT-әзірлемелер мен блокчейн саласының дамуына серпін береді.
2024 жылы әлемдік криптобанктер нарығының көлемі 5,29 млрд доллар болған, ал 2034 жылға қарай 63,15 млрд долларға жетеді деген болжам бар.
Abai.kz