Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Жаңалықтар 153 0 пікір 30 Сәуір, 2025 сағат 15:24

Әділет қызметкерлері Абай шығармашылығымен танысты

Сурет: Алматы қаласы Әділет департаментінен алынды.

Әділет департаментінің қызметкерлері №32 кітапханаға арнайы барып, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасымен тереңірек танысты.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің рухани-мәдени дамуына ықпал ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Абай шығармалары арқылы әділет, адамгершілік, адалдық ұғымдарының маңызын арттыру болды.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасап, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық ойлармен бөлісті. Қатысушылар Абайдың әсіресе адамгершілік, әділдік, парасаттылық туралы айтқан ойларына ерекше назар аударып, оларды қазіргі қоғаммен байланыстыра отырып талқылады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Абай шығармаларын таныстыру мақсатында арнайы әдеби шолу жасалды. Қызметкерлер Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқып, олардың құқықтық және этикалық тұрғыда мән-маңызын талдап, өзара пікір алмасты.

Бұл кездесу тек мәдени іс-шара ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-этикалық ұстанымдарын нығайтуға, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын терең ұғынуға септігін тигізді. Қатысушылар Абай мұрасының бүгінгі күнгі өзектілігін атап өтіп, мұндай танымдық шаралардың маңыздылығын жоғары бағалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2584
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5490
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4816