Жұма, 2 Мамыр 2025
Білгенге маржан 379 0 пікір 2 Мамыр, 2025 сағат 09:39

Сертіне берік самурай...

Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.

Жапон сарбазы Хиро Онода екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін отыз жыл бойы қолынан қаруын тастамаған. Себебі неде екенін білесіздер ме?

Аралдағы төртеу

Хиро Онода 1922 жылы Жапонияның Камэкава деген шағын ауылында дүниеге келген.  Мектеп бітірген соң, 1939 жылдың көктемінде Қытайдың Ханькоу қаласында орналасқан сауда компаниясында жұмысқа орналасады. Ол кезде Қытай Жапонияның қарамағындағы ел болатын. Жұмыс істеп жүріп жапондарға тән қағылездікпен қытай және ағылшын тілдерін еркін меңгеріп алады. 1942 жылы оған әскери борышын өтеу үшін Жапонияға оралуға тура келеді.  Әскерден кейін барлаушы офицерлерді дайындайтын училищеге түседі. Бірақ Киро оқуын толық бітіре алмайды, бүкіл курсанттарды бір-ақ күнде майданға аттандырады. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Жапония жаудан жеңіліп қалады.

1945 жылдың қаңтарында кіші лейтенант Оноданы Филиппин еліндегі (ол кезде Жапонияға қарасты аумақ)  Лубанг аралына жібереді. Командирі оған қасық қаны қалғанша аралды жауға бермей ұстап тұру жөнінде бұйырады. Аралға келісімен ол сарбаздарды тас түйін бекініске көшуге үндейді. Бірақ, соғыстан әбден мезі болған қарамағындағы жапон сарбаздары оның айтқандарына құлақ аспайды. Кемелермен келген АҚШ әскері әп-сәтте қорғанысты бұзып, аралды басып алады. Онода бастаған жасаққа арал ортасындағы орманға қашуға тура келеді. Орманға жасырынған сарбаздар шағын база салып, партизандық соғысқа көшеді. Жасақ деп тұрғанымыз төрт адам, яғни Оноданың өзі, Юити Акацу, Кинсити Кодзуки және Сеити Симада.

Сол жылдың қыркүйегінде Жапонияның соғыста жеңілдегенін мойындап, капитуляция туралы актіге қол қойғаны тарихтан белгілі. Дегенмен, жоғарыда аталған төртеудің қолбасшылықпен байланысы жоқ еді. Ал Жапония болса, ол сарбаздарды хабар- ошарсыз кеткендер тізіміне енгізіп те жіберген еді. Бес жылдан соң Юити Акацу Филиппин полициясына беріледі. Ол жарты жыл тергеуден кейін Отанына оралады. Жапон жұртшылығы Онода жасағы мүшелерінің тірі екенін осылайша біледі.

Онода тобы, сол аралдағы шаруалардың күрішіне шабуыл жасап, елдімекендерді тонап, тамақтарын тауып,  күндерін көреді.

1974 жылы жапонияның Норио Судзуки деген студенті саяхаттап Филиппинге барады. Орман ішінде келе жатып, ол кездейсоқ Онодамен ұшырасып қалады. Содан екі жапондық ұзақ әңгімелеседі. Студент соғыстың әлдеқашан біткенін және оның елге қайтуын қолқалап сұрайды. Онода болса «Жоқ, мен өзімнің қолбасшылығымнан ондай бұйрық алған жоқпын. Бұл аралдан ешқайда кете алмаймын»- деп келте қайырыпты.

Еліне келген студент, Жапония қолбасшылығына жол тауып жолығып,  аралдағы сарбаздар туралы хабар береді. Сөйтіп, әскери басшылықтың жіберген адамдары оны еліне алып келеді.

Антына мықты жапон сарбазының отыз жылдық соғысы осылайша бітеді. Тропикалық орманда өмір сүруге әбден үйреніп қалған Онода бір айдан соң Бразилияға қоңыс аударып, сонда шаңырақ құрып, мал өсірумен айналысады. Дегенмен,  1984 жылы  еліне қайтып оралады. Егде тартқан шағымда ол «Лубанг аралындағы отыз жылдық соғысым» атты естелік кітап жазады. Хиро Онода 2014 жылы 92 жасында Токиода қайтыс болады.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 349
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 379
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 353