Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
Бұ не мазақ? 320 0 пікір 5 Мамыр, 2025 сағат 13:28

Ресейлік кәсіпкердің кофе бизнесіне байкот жарияланды

Сурет: bes.media сайтынан алынды.

Әлеуметтік желіде: «Сендер мемлекеттік төңкерісті де бізсіз тоқтата алмадыңдар», – деген ресейлік кәсіпкердің кофеханасына Қазақстан халқы байкот жариялады. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды

Әуелі әлеуметтік желіде «Smart Coffee» франшизасының иесі Евгений Глинскийдің 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар туралы пікірі пайда болды.

Болған оқиға: Қазақстанда «Smart Coffee» дейтін кофеханалар желісінің франшизасы жұмыс жасайды. Оның иесі – Евгений Глинский деген ресейлік кәсіпкер. Сол Глинскийдің желідегі аккаунтынан Қазақстанда 2022 жылдың қаңтарында болған қанды оқиға туралы пікір пайды болды. Онда: «Иә, атпен күтіп аласыңдар ма? Сендер өз елдеріңдегі мемлекеттік төкерісті де бізсіз тоқтата алмадыңдар? Соғыс», - деп жазылған.

Осыдан соң, Қазақстан азаматтары «Smart Coffee-ге» жаппай байкот жариялауды бастап кетті. Халық Қазақстандағы 2022 жылдың қанды қаңтарындағы оқиға кезіндегі ҰҚШҰ рөлі туралы айтылған пікірге наразы. Сол себепті де, халық кофеханаларға жаппай бойкот жариялауға және олардың 2GIS жүйесіндегі рейтингтерін төмендетуге шақыруда. Қазақстандықтар жағымсыз пікірлер қалдырып, адамдарды Smart Coffee өнімдерін сатып алмауға шақыруда.

Ал Глинскийдің өзі не дейді? Глинский: «Мұндай пікірді мен жазбадым», - деп ақтала сөйлеп, әлеуметтік желідегі аккаунтына шабуыл жасалғанын айтады. Ол сондай-ақ, Қазақстан халқына және қаңтар оқиғасына құрметпен қарайтынын айтып, көпшілік алдында кешірім сұрайды.

Тақырыпқа тұздық: Бұған дейін Астанадағы «Qazaq Coffee» кофеханасы қазақ тілінде ас мәзірін беруден бас тартқаны үшін қоғам наразылығына ұшыраған. Халық жаппай байкот жариялап, артынша «Qazaq Coffee» кофеханасы жабылып тынған.

Енді міне, әңіреңдеп сөйлеп, әлеуметтік желіні шулатқан Глинскийдің де кофе бизнесі «Qazaq Coffee-нің» тағдырын қайталайтын түрі бар...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1501
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1649