Мәжіліс төрағасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сурет: mazhilis.parlam.kz сайтынан алынды.
Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және Бауыржан Момышұлы монументі маңына жиналған жұртшылық қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сурет: mazhilis.parlam.kz сайтынан алынды.
Бауыржан Момышұлы – қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысы кезінде генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. Кейін полкке, дивизияға қолбасшылық етті. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 1942 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бұл награда оған қайтыс болғаннан кейін 1990 жылы берілді.

Сурет: mazhilis.parlam.kz сайтынан алынды.

Сурет: mazhilis.parlam.kz сайтынан алынды.
Астанадағы батырға арналған ескерткіш 2008 жылы ашылды. Бұл – Бауыржан Момышұлының туған өңірі Жамбыл облысының елордаға жасаған тартуы.

Сурет: mazhilis.parlam.kz сайтынан алынды.
Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген – Т.Таныбаев
Abai.kz