Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Саңлақ 179 0 пікір 12 Мамыр, 2025 сағат 11:44

Зілтемірші Пётр Хребтов қола жүлдегер атанды

Сурет: Qazaqstan Olympic teаm телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан ауыр атлетикадан Цзяншань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.

Жалпы есепте үшінші орын алған Пётр Хребтов қола жүлдегер атанды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 333 (146+187) келі салмақты еңсерді.

Бірінші орынды Индонезия өкілі Абдулла Рамат Ервин 360 (155+205) келімен иеленсе, екінші орынға Қытайдан У Хайфен 334 (145+189) келімен жайғасты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2176
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3835