Шығыс Қазақстанда Қытайдан келген радиоактивті жүктің партиясы ұсталды
Өскемен. 5 қазан. ҚазТАГ – «Майқапшағай» автомобильді кеден бекетінің қызметкерлері Қытайдан жоғары радиоактивті фоны бар 20 тонна тыңайтқыш әкеле жатқан ірі жүк көлігін ұстады.
ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ҚХР-дан келе жатқан көлікті тексеру барысында «Янтарь» стационарлы жүйесі радиациялық фонды тіркеген. Қосымша тексеру барысында шамадан бес есе асып түскен гамма-фонның көзі 20 тонна минералдық тыңайтқыштар екені анықталды.
Департаменттегілердің атап көрсетуінше, Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері радиобелсенді тауарлар осымен төртінші рет табылып отыр. Ақпан айынан маусым айына дейінгі аралықта «Бақты» кеден бекетінде рұқсат етілген гамма-деңгейден 4-9 есеге артық фоны бар қытайлық бөлшектер, цемент және кафель ұсталған. Барлық жағдайда қауіпті жүк артылған көліктер ҚХР-дағы жүк жолдаушы орындарға қайтарылған.