Жұма, 23 Мамыр 2025
Аласапыран 372 0 пікір 23 Мамыр, 2025 сағат 12:35

120 мың әскер: Ресей Сумы мен Харьковке шабуылдамақ...

Суреттер: rbc.ru, 24tv.ua сайттарынан алынды.

Путин Ресей шекарасы маңынды буферлі аймақ құру шешімі қабылданғанын айтты. «Қазір әскерилер осы міндетті іске асыруда» дейді.

Әңгіме Сумы және Харьков облыстары жайлы деуге болады. Ресей Сумы және Харьков маңында ақпарат бойынша 80-120 мың әскер топтастырған. Сумы бағытында бірнеше елді-мекенді басып алса, Харьков бағытында шабуылды күшейткен.

Харьков облысына 2022 жылы кіріп, аймақтың 30 пайызға жуығын оккупациялаған болатын. Украина сол жылдың күзінде қарымта шабуыл жасап, Ресей басып алған жерінің басым бөлігін жоғалтты. Облыстың 5 пайызға жуық аймағын ұстап тұрды. Ал 2024 жылдың мамырында Харьков облысында шабуылға шығып, буферлі аймақ жасамақ болды. Дегенмен Волчанск қаласында батпаққа батып қалды. Қазір қаланың тең жартысы украин, тең жартысы ресейлік сарбаздар қолында. Енді міне осы бағыттағы шабуылдарды қайта үдете түсуде.

Ал Сумы облысына шабуылдар Украина Курсктен шегінген соң күшейді. Қазір Сумы облысының шекаралық аймағындағы кіші ауылдардың бірнешеуін Ресей басып алған. Сонымен бірге Украина дәл осы облыста жүзден астам елді-мекенді эвакуациялауы мүмкін екенін айтуда. Жақын аралықта ол елді-мекендер үшін қиян-кескі шайқастар болады. Сумы қаласының өзі шекарадан 40 шақырым жерде жатыр. Үлкен қала. 200 мыңнан астам тұрғыны бар.

Басқа бағытта да Ресей шабуылды күшейтіп жатыр. «Жаздық шабуылдары басталды» дейді кей әскери сарапшылар. Әсіресе Донбасста соғыс қызып жатыр. Жақын аралықта Ресей әскері жаңа облысқа өтуі мүмкін, ол Днепропетровск облысы. Онда сөзсіз Ресей медиасы бұл әрекетін «ұлы жеңіс» ретінде сипаттайтын болады.

Жаздың ортасында Байден билігі Украинаға көмек ретінде бөлген қару таусылады, ал Трамп әкімшілігі Киевке кезекті қару партиясын мақұлдауы екіталай. Трамп президенттік мерзімінің екінші кезеңінде Украинаға үлкен қысым жасаса да, агрессор саналатын Ресейге айтарлықтай қысым жасаған жоқ. Әзірге солай жалғасуда...

Асхат Қасенғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2829
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4565