Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетел студенттерін қабылдауға және оқытуға тыйым салды

Бұл сонда оқып жатқан қазақстандық студенттерге қалай әсер етеді?
Жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, Гарвардта “Болашақ” бағдарламасы бойынша 7 қазақстандық білім алып жатыр. Дегенмен басқа бағдарлама немесе өз қаражатына оқып жатқан қазақстандықтар болуы мүмкін. Министрлікте олар туралы мәлімет жоқ.
“Болашақ” бағдарламасының операторы - “Халықаралық бағдарламалар орталығы” әзірге қазақстандық студенттерге бұл өзгерістердің қалай әсер ететінін түсіндірмеді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі де әзірге бұл жөнінде мәлімет бермеді.
Жаңа өзгеріске сәйкес, Гарвардта оқып жатқан шетел студенттері өзге оқу орнына ауысуы тиіс, әйтпесе АҚШ-та заңсыз жүрген болып саналады.
Abai.kz