Трамп: Иран құн төлейді, еселеп төлейді!
Таяу Шығыстағы соғыс жаңа, қауіпті деңгейге көтерілді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні әлеуметтік желіде тікелей ультиматум жариялады:
"Иран америкалық сарбазды өлтірген сайын, ол үшін еселеп жауап береді! Бұл директива соғыс министрі Пит Хегсетке, Штаб бастықтарының төрағасы Дэниел Кейнға және барлық әскери басшыларға жеткізілді!"
Бұл жай сөз емес. Арт жағында не болып жатыр?
- 9-шы түн қатарынан соққы. АҚШ Иранның көпірлерін, электр стансаларын, мұнай инфрақұрылымын бомбалап жатыр. Мақсат - Иранды толық парализдеу.
- Құрбандық артып келеді. Соңғы дерек бойынша, 5 айға созылған АҚШ-Израиль-Иран соғысында 17 америкалық сарбаз қаза тауып, 430-ға жуығы жараланған. Тек соңғы демалыста Ирак пен Иорданияда 3 сарбаз қаза тапқан.
- Иранның жауабы. Тегеран да қарап отырған жоқ. Кеше ғана Кувейт пен Бахрейндегі - АҚШ-тың 5-ші флоты орналасқан базаларға шабуыл жасады.
- Ормуз бұғазы. Сарапшылардың айтуынша, бұл соққылар - Ормуз бұғазын күшпен ашу және Иранға құрлық әскерін кіргізу алдындағы дайындық болуы мүмкін.
Әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың табалдырығында тұр ма? Конгрессте ертең дәл осы соғыстың құны мен болашағы талқыланбақ.
Бұл риторика ма, әлде үлкен соғыстың бастауы ма?
Abai.kz