SIPRI: Әлемде ядролық қарулану жарысы басталады

SIPRI әлемде жаңа ядролық қарулану жарысының басталуын болжады.
Ядролық арсеналдарды қысқарту кезеңі аяқталып, енді ядролық қарулану бәсекесі қайта жандана бастады, бұл үдерістен туындайтын қауіп-қатерлер қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегіден әлдеқайда күрделі әрі көпқырлы сипатқа ие болмақ. Бұл туралы Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) сарапшылары мәлімдеді. Аталған қорытындының негіздемесі «SIPRI Yearbook 2025» жылнамасының ядролық арсеналдарға арналған бөлімінде қамтылған.
XX ғасырмен салыстырғанда, қазіргі қарулану жарысында киберкеңістік, ғарыш және мұхиттағы мүмкіндіктер маңызды рөл атқаруда. Бұл жарыста кімнің көш бастап тұрғанын анықтау қиындай түсті, ал бұрын қолданылған қару-жарақты бақылау формулалары қазіргі жағдайға сай келмей отыр. Сонымен қатар, Еуропа, Таяу Шығыс және Шығыс Азия елдерінде ядролық қаруға ие болу мәселесіне қатысты пікірталастар қайта жанданды, бұл ядролық державалар клубының кеңею ықтималдығын көрсетеді.
Сарапшылар осы салада үш негізгі үрдісті атап өтеді. Ең алдымен, ядролық арсеналдарды жаңғырту үрдісі байқалуда, бұл қаруларды бақылау формулаларының әлсіреуімен қатар жүруде. SIPRI деректеріне сүйенсек, 2024 жылы ядролық қаруы бар барлық тоғыз мемлекет өз арсеналдарын жетілдіруді жалғастырған.
Abai.kz