Иран-Израиль соғысы: Экономикаға әсері қандай?

Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы
Abai.kz
Геосаяси шиеленістердің Қазақстанға тікелей болмаса да, жанама әсері міндетті түрде болады.
Мәселен, Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы барреліне 130 долларға дейін көтерілуі мүмкін. «Салдарынан» дегенімізбен, мұнай бағасының қымбаттауы – біз сияқты мұнай экспортына арқа сүйейтін ел үшін өте жағымды құбылыс.
Tengenomika арнасының жазуынша, қазір Иран тәулігіне 3,3 млн баррель мұнай өндіреді, бұл әлемдік ұсыныстың – 3,5 пайызы. Демек, Иран өндірісіндегі кез келген іркіліс жаһандық тапшылыққа жол ашып бермек.
Иран мұнайды негізінен Қытайға сатады (күніне 1,5 млн баррельден астам).
Соғысқа байланысты Иран Ормуз бұғазын жауып тастауы мүмкін. Ондай жағдайда әлемдік мұнай тасымалының 20 пайызы бұғатталады. Бұл стратегиялық дәліз қазіргі уақытта күніне 20 млн баррель өткізеді. Бұл жағдай әлемде баға ғана емес, логистикалық дағдарысты да үдетпек.
«Қазақстан үшін мұнай бағасының өсуі қысқа мерзімді фискалдық артықшылықтар бере алады (мұнай секторынан түсетін кіріс артады). Алайда шикізаттық экспортқа жоғары тәуелділікжағдайында бұл тұрақтылық бәрібір шынайы болмайды. Егер құрылымдық өзгерістер жасалмаса инфляциялық қысым күшейіп, импорт құрылымындағы теңгерімсіздік пен валюта нарығындағы құбылмалылық жалғаса береді. Мұндай жағдайда ел экономикасының орнықтылығы мұнай бағасының деңгейімен емес, керісінше, реформаларға институционалдық дайындық дәрежесімен айқындалады:салық саясаты мен логистикадан бастап, энергетика мен адами капиталға дейін», деп жазады арна сарапшылары.
Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы
Abai.kz
1
4 күн бұрын
2
3
4
5
4 күн бұрын