Елімізде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Елордада шілденің 4-і мен 10-ы аралығында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.
Ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін Азия чемпионатына 27 елден 300-ге жуық қатысушы жиналады. Қазақстандық қыз-жігіттер барлық жас деңгейінде және барлық салмақта сынға түседі. Яғни, 32 спортшымыз жүлдеге таласады. Оның ішінде Едіге Емберді, Ерасыл Сәулебеков, Аянат Жұмағали, Ақжол Құрманбек және Денис Полубояринов сынды спортшылар бар.
Ұлттық құрама өкілдері қазір Алматыдағы олимпиадалық даярлау орталығында жаттығу өткізіп жатыр.
Айта кетейік, жасөспірімдер мен жастар арасындағы соңғы Азия чемпионаты былтыр Қатар астанасы Дохада өтті. Ұлттық құрама өкілдері 12 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасқан еді.
Abai.kz