Жұма, 20 Маусым 2025
Әне, көрдің бе? 226 0 пікір 20 Маусым, 2025 сағат 14:38

Соғыс келіссөзбен аяқтала ма?

Сурет: IRNA сайтынан алынды.

Иранның аузынан бірінші рет: "Біз Саддам Хусейннің тағдырын қайталағымыз келмейді. Біз келіссөздерге дайынбыз", - деген сөз шықты. Сонымен...

Әлемде діни фашизмді ту еткен екі ел әскери технологиялықCj жетістіктерін жаһанға паш етіп, бір-бірін зымыран соққысының астына алғаны күні кеше ғана. Зымыран соқысын тәуелсіз елге бағыттай салу Ресейдің БҰҰ жарғысын белден басқан әрекетінен кейін қалыпты жағдайға айналып, жұртты селт еткізбейтін де болды.

Бірі – синоизмді, бірі – шейтизмді идеологиялық тағантас еткен қос ел бұған дейін бір-біріне сөзбен ғана айбат шегіп келсе, енді бәрін жиып қойып, зымырандық жұдырықтарын аямай сілтеп, бір-бірлерінің бастарын жарып, көздерін шығаруға дейін барып отыр.

Бастары бір қазанға сыймаған қош қосқаршың қайсысы бірінші сынады деп әлем жұрты жауырынға қарап бал ашып отырған шақта бірінші болып – Иран сынды. Жай сынған жоқ – морт сынды. Сынған себебі – біріншіден, ел экономикасы – ұзақ соғысқа шыдас бермейді; екіншіден, өз елінің тең жарымын ғана құрайтын парсылар, қалған саны басым этникалық топтардан сескенеді, ең бастысы – саны көп әзербайжандардың көптен аңсаған ұлттық автономиясына қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Түркияға арқа сүйеп, қол жеткізе ме деген үрей. Қазақ бұны – "Жалмауызға да – жан керек" дейді.

Иран араб делдалдары арқылы Америка Құрама Штаттары мен Израильге шұғыл хат жолдап, соққы алмасуды дереу тоқтатуға және ядролық келіссөздерді қайта бастауға мүдделі екенін білдірді. Бұл туралы кеше дүйсенбі күні Wall Street Journal газеті АҚШ пен Еуропадағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылымда жазылған пікірге ден қояр болсақ, Теһеран араб дипломаттарына егер АҚШ Израиль шабуылына қатысудан қалыс қалса, келіссөздер үстеліне қайтуға дайын екенін айтқан. Ирандықтар сондай-ақ Израильге дау-дамайдың бақылаудан шығуына жол бермеу үшін соққы алмасу кезінде белгілі бір шектеулерді сақтауға үндеу жолдады.

Иранға әлемдік абыройын сақтап қалуға мүмкіндік беретін шешім керек

Сонымен қатар, Иранның жоғары лауазымды дипломаты IranWire оппозициялық басылымына берген сұхбатында Иран АҚШ-пен келісімге келіп, ислам режимін сақтап қалу үшін уранды байыту мүмкіндігінен бас тартуға дейінгі елеулі бас тартушылыққа баруға дайын екенін айтты.

"Бізге абыройды сақтауға мүмкіндік беретін шешім қажет", - деп баса айтты ол. - Жоғарғы көшбасшы мен үкіметтің басты басымдығы - бұл аман қалу. Иран мен Израиль арасындағы шабуылдардың жалғасуы әскерді, қауіпсіздік күштерін, экономиканы, моральдық рухты және ақыр соңында билікті әлсіретеді. Армия мен ИРСК жағдайды бақылауды жоғалтып алу қаупін төндіреді. Бұдан әрі не болатынын ешкім білмейді. Біз Саддам Хусейннің тағдырын қайталағымыз келмейді. Біз келіссөздерге дайынбыз".

Wall Street Journal-дың ақпараты бойынша, Иран өкілдерімен байланыста болған араб дереккөздері: Теһеран Израильдің ұзақ соғысқа шыға алмайтынын және ақыр соңында дипломатиялық шешім іздеуге мәжбүр болатынын айтады. Ирандықтар Израильдің АҚШ-тың белсенді көмегі болмаса, қа бел шешіп кірісе де алмайды, әрі нақты Иранмен жауығу стратегиясы жоқ екеніне және  ол  қанша жерден шіренсе де Фордодағы жер асты уран байыту нысаны сияқты мақсаттарға айтарлықтай зиян келтіре алмайтынына сенімді.

"Ирандықтар АҚШ қорғаныс және логистика мәселелерінде Израильге қолдау көрсететінін түсінеді", - деп мәлімдеді американдық газетке араб дереккөзі. - Бірақ олар АҚШ-тың тікелей шабуылдарға қосылмайтынына нақты кепілдік бергісі келеді".

Сонымен қатар, Теһеран араб делдалдарына: егер АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау мүмкін емес екені белгілі болса, Иран өзінің ядролық бағдарламасын дамытуды жеделдетіп, қақтығыс ауқымын кеңейтуі мүмкін екенін дұғай-дұғай сәлемдеді.

Араб дипломаттары WSJ-ге Иранның жаңа жеңілдіктерге дайын екендігінің белгісін әзірге сезіп тұрмағандарын ашып айтты. Уранды байыту мәселесі басты бөгет болып қала береді: екі тарап та оны "қызыл сызықты қыл көпір" ретінде белгіледі, одан шегінуге екі жақтың да ниеті де жоқ.

АҚШ біз жоғарыда сөз еткен екі факторға иек артып,  Изараильдің қолымен от көсей отырып, Иранның аяғын көктен келтіруге мүдделі. содан кейін Путлер билігін тақтан тайдырудың тиімді әдісін іздестіре бастайтын болады. АҚШ қызығасың Украина мен Израиль сияқты қос бірдей әлемдік от көсеушілері бар.

Abai.kz

0 пікір