Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3294 0 пікір 22 Маусым, 2025 сағат 22:39

Заң мен Тәртіп: құқық қорғау органдарының өкілдері тау шыңын бағындырды

Алматы облысында "Заң және Тәртіп" идеологиясын ілгерілету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері 4120 метрлік биік шыңға көтерілді, - деп хабарлайды. 

Шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.

Шың басына "Заң және Тәртіп" жалауы тігіліп, ел ішінде заңның үстемдігін бейнелейтін символға айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп – әділетті мемлекеттің негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Онсыз экономикалық даму, инвестиция тарту және халықтың сенімі мүмкін емес. Әділеттілік қоғамның қалыпты жағдайына айналуы тиіс, ал заңсыздық сирек құбылыс болуы қажет. Тек осылай ғана әр азамат өзін қауіпсіз сезінетін заманауи мемлекет құруға болады.

Жол бағыты Тұйықсу мен Мынжылқы шатқалдары, Альпинград алаңы және Маншүк Мәметова атындағы асу арқылы өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2922
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 931