Сейсенбі, 1 Шілде 2025
Әне, көрдің бе? 442 0 пікір 1 Шілде, 2025 сағат 13:30

Ресеймен шекарасына мина көметін елдер...

Сурет: Википедиядан алынды

Ресеймен көрші елдер шекараны миналауды шектейтін "Оттава конвенциясынан" іркес-тіркес шыға бастады. Маусымның 27-күні Балтық елдері Естония, Литва, Лативия бастамашы болып БҰҰ-на жоғардағы келісімнен шығатынын жариялап, ресми құжат тапсырған. Маусымның 29-күні Украина президенті Зеленский де аталмыш келісімнен шығатынын мәлімдеді. Украина Радасы қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Роман Костенка "бұл соғыста орыс әскерінің жойқын миналарды жаппай қолдануына жауап" деп түсіндірді.

Полша мен Финландияда "Оттава конвенциясынан" шығуға қатысты құжаттарды дайындап жатыр екен. Осылайша Беларустан басқа Ресеймен көршілес алты ел солтүстік көршімізбен шекарасына мина көме бастайды деген сөз. Темір тор - қалыпты қатынастың көрінісі болса, мина көму - қауіптен алдын-ала сақтанудың шарасы болмақ.

Сөйтіп ел аман, жұрт тынышта Украинаға басып кіріп Еуропаны шырт ұйқыдан оятқан Орыс билігі өзіне жауды көбейтіп жатыр.

Голландиада өткен кездесуде НАТО елдері Трамптың айтқанына көніп, ІЖӨ -дегі қорғаныс қаржысының үлесін 5 пайызға жеткізуге бәрі дерлік келісті. Жаппай қарулануға көшті. Кремль тарабы экономикасын әскери мақсатқа бұрамын деп, Еуропаны да сондай жолға түсуге итермеледі.

Сарапшылар Путинді Брежневпен салыстырып, Брежневтың кезінде мемлекеттік түсімнің бәрі дерлік әскери мақсатқа жұмсалып, соның әсерінен Брежнев 1979-жылы Ауғанстанға соғыс ашқанын, 10 жылдан кейін күйрей жеңіліп, 2 жылдан кейін кеңес одағының да тарағанын алға тартуда. Путин де қазыр сондай қетерлі жолды таңдады, Путин билігін басқа емес, әскери бәсеке құрдымға кетіруі мүмкін дейді.

НАТО-ға кіретін Ресеймен көршілес елдердің соңғы қадамы соның айқын нышаны сияқты.

"Оттава конвенциясы" 1997-жылы дайындалып, 1999-жылы күшіне енген. 164 ел қол қойған. Келісім-шарт талабы бойынша жойқын миналарды өндіруге, тасымалдауға, сатуға тыйым салынады. Айта кетерлігі аталмыш келісімге АҚШ, Қытай, Ресей бастаған ядролық державалар қол қоймаған. Миан қоры жағынан Ресей алдынғы орында делінеді. Шамамен 26 миллион данасы бар болған екен. Украина соғысында көбін дерлік қолданған.

Алдын-ала қамданып Ресеймен шекарасын миналапға жаппай кірісетін жоғарыдағы 6 ел өз мақсаттарына жету үшін біршама жылдар керек екен. Орынды қорғану болғанымен экологиялық ортаға, бейбіт тұрғындардың өмірініе ықтимал қауіптер тудыруы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір