Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Қылмыс 2172 0 пікір 4 Шілде, 2025 сағат 12:36

Контрабандамен айналысқан кәсіпкерлер жазаланды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Алматы прокуратурасы қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің және тиелмеген тауарлардың шот-фактураларын жазып беру фактілері анықталды.

Жиналған материалдар бойынша бірқатар қылмыстық істер тіркелген, онда«кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар» компанияларының басшылары күдікті ретінде өткен.

Құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асыру кезеңінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 33 миллиард теңгеден асты.

Сот үкіміне сәйкес айыпталушылар Қылмыстық кодексінің 216, 234-баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Кінәлі адамдарға мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның әртүрлі мерзімдері тағайындалды.

Апелляциялық саты үкімді күшінде қалдырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2757
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 836