Сейсенбі, 8 Шілде 2025
Экономика 210 0 пікір 8 Шілде, 2025 сағат 13:02

Қазақстанда бір жылда тауарлар бағасы қаншаға өсті?

Сурет: pixabay.com сайтынан алынды.

Қазақстанда баға тағы өсті. Ақылы қызметтер бір жылда 16%-ға көтерілген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы маусымда Қазақстанда тұтыну бағалары айтарлықтай өскен. Ең көп қымбаттаған ақылы қызметтер, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар. Елдің бірқатар өңірінде инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары.

Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдер емес. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы мамырда бір жыл ішінде:

-Ақылы қызметтер – 16,1 %-ға (мамырда – 16 %)

-Азық-түлік тауарлары – 10,6 %-ға (мамырда – 9,6 %)

-Азық-түлік емес тауарлар – 9,4 %-ға (мамырда – 9 %) өсті.

2025 жылғы маусым айында7 өңірде инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болған. Олардың ішінде:

-Алматы қаласы – 13,8 %

-Қарағанды облысы – 13,5 %

-Астана қаласы – 13,1 %
инфляция бойынша көш бастап тұр.

Жылдық инфляция құрылымында ең үлкен үлес келесі салаларға тиесілі:

-Азық-түлік пен алкогольсіз сусындар – 4,2 пайыздық пункт

-Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер – 1,8 п.п.

-Денсаулық сақтау – 1,5 п.п.

2025 жылғы маусымда:

-Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар – +0,9 %

-Ақылы қызметтер – +0,8 % өскені тіркелді.

Abai.kz

0 пікір