Сейсенбі, 8 Шілде 2025
Спорт 724 0 пікір 8 Шілде, 2025 сағат 13:43

Едіге Емберді Азия рекордын жаңартты

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Едіге Емберді серпе көтеру және қорытынды жаттығуда 347 келі (153+194) нәтижесімен қос бірдей Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды. Ол бұған дейін 2022 жылы да жастар арасында әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанған еді.

Тағы бір қазақстандық Ақжол Құрманбек 343 келі (151+192) нәтижесімен күміс жүлдегер атанса, Өзбекстан өкілі Хайитбой Абдушукуров 337 келімен (152+185) қола жүлдені қанағат тұтты.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұржан Жұмабай да алтын медальға ие болды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді. Оның ішінде серпе көтеруде Азия рекордын жаңартып, 175 келіні бағындырды. Ал жұлқа көтеруде Нұржан 140 келіні еңсерді.

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста Нұрсила Берікбол үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 177 (79+98) келі салмақты бағындырды.

Abai.kz

0 пікір