Қазақстанда кәсіпкерлердің құжаты цифрлық форматта

Сауда саласына енгізілген цифрлық жобалар кәсіпкерлерді қағазбастылықтан босатып, жұмыс үдерісін айтарлықтай жеңілдетті.
Енді зертханалар мен ірі кәсіп иелері барлық қажетті құжаттарды Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы онлайн рәсімдей алады.
Жүйе 5 негізгі бөлімнен тұрады:
- Аккредиттеу бөлімі
→ Соңғы бір жылда 8 мыңнан астам қызмет көрсетілген. - Сәйкестікті бағалау бөлімі
→ 150-ге жуық құжат шығарылып, 620 сертификаттау модулі іске қосылған. - Метрология бөлімі
→ Өлшеу құралдарын тексеру туралы есеп толықтай цифрланған. - Мемлекеттік бақылау бөлімі
→ Қадағалаушы органдар ұсыныстар мен хабарландыруларды жүктейді. - Стандарттау бөлімі
→ 9 412 ұлттық стандарт жаңа форматта цифрланды. Әрбір электронды құжат QR-кодпен расталады, бұл оның түпнұсқалығын тексеруді жеңілдетеді.
Бұл жаңашылдық кәсіпкерлер үшін құжат айналымын жеделдетіп қана қоймай, ашықтық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.
Abai.kz