Сәрсенбі, 9 Шілде 2025
Анық-қанығы 228 0 пікір 9 Шілде, 2025 сағат 14:19

Шымкент жастар театрының басшылығы қамалды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

«Шымкент жастар театрының» басшылығы 136 млн теңге ұрлады деген күдікке ілікті

Қаржылық мониторинг Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу дерегінше, мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды – соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық фермалар, күшейткіштер, микрофондар және т.б. сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.

Алайда сатып алу рәсімі кезінде заң талаптары өрескел бұзылып, лоттар қолдан бөлшектеліп, 20-дан астам атау бойынша сатып алулар электронды дүкен арқылы жүргізілген.

Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған, – делінген ҚМА мәліметінде.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алынған. Бұл мүлік сенімді тұлғалардың атына рәсімделіп, жасырынуға тырысқан.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды, ал күдіктілер қамауға алынды.

Abai.kz

0 пікір