Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Спорт 1750 0 пікір 11 Шілде, 2025 сағат 13:34

"Ордабасы" Еурокубокта ерекше нәтижеге қол жеткізді

Сурет: sputnik.kz сайтынан алынды.

Андрей Мартин шәкірттері өз алаңында өтетін қарымта ойынға үміт артып отыр. 

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық команда сырт алаңда Грузияның "Торпедо Кутаиси" клубымен кездесіп, қарсылас қақпасына үш гол соқты. Қорытынды есеп – 4:3, өкінішке қарай, шымкенттіктердің пайдасына емес.

Бұл нәтиже "Ордабасы" үшін айрықша маңызға ие. Себебі бұған дейін команда ешқашан еурокубоктық матчтарда, әсіресе сырт алаңда, екі голдан артық соққан емес. Осылайша, тарихта алғаш рет шымкенттік клуб қарсылас алаңында үш рет мергендік танытып отыр.

"Торпедо" (Кутаиси, Грузия) – "Ордабасы" – 4:3

Голдар: Бьорн Йонсен 30, 79, Матей Шимич 45+2, 90+4 – Михай Кэпэцинэ 32, Лука Имнадзе 35, Сағадат Тұрсынбай 69

Енді "Ордабасы" бұл сәтсіздіктің орнын толтыру үшін өз жанкүйерлерінің алдында жауапты ойынға шығатын болады. Қарымта кездесу 17 шілде күні Шымкент қаласындағы стадионда өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1215
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2747
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 875
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 829